«Ұлы дала жорығы» марафонында Абай облысының құрамасы Үздік төрттікке енді

«Ұлы дала жорығы» марафонында Абай облысының құрамасы Үздік төрттікке енді

Марафон нәтижесінде мәре сызығын алғашқы болып Жетісу өңірінің командасы кессе, Ақтөбе облысының командасы екінші болып келді. Үшінші орынды Алматы қаласының командасы қанжығаларына байласа, төртінші орынды Абай облысы иеленді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерін шақырып, әлемдегі ең ұзақ ат спорты марафонын өткізу жоспарланған.

Айта кетсек, 1300 шақырымдық марафон 6 қыркүйек күні Астана қаласынан басталған болатын.


#Абайская область, #Спорт