Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем кубогында топ жарды

Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем кубогында топ жарды

Отандастарымыз Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко стенд атудан Алматы қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар трап бағдарламасында аралас жұптар арасында ешкімге дес берген жоқ.

Бұл - осы бəсекеде Ұлттық құрама қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін Əсем Орынбай скит жаттығуында топ жарған. Сосын Эдуард Ещенко екеуі жұптық сында күміс жүлдегер атанды.

Алматыдағы кезең ертең аяқталады.


#Спорт