Зарина Сарипова 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды
Қазақстандағы келешегінен зор үміт күттіретін спортшылардың бірі Зарина Сарипова алдағы 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында (ДКО-2024) Абай ауданының намысын қорғайды,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол қазақ күресіне 14 жасында қызығушылық танытқан. Соңғы он жылда ол күн сайын жаттығып, жарыстарға шықты. Спортшы бұл ұлттық спортқа деген сүйіспеншілігінің өшпейтінін, алдағы уақытта бұл спортты кеңінен насихаттауды жоспарлап отырғанын айтады.
Ойындарға дайындық мұқият жүргізілуде. Зарина Грузия мен Қырғызстандағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып, жеңіске жету үшін барын салып жатыр. Ол жаңа биіктерге жету үшін техникасы мен физикалық дайындығын жетілдіруде.
ДКО-2022 жарысында Зарина 65 келіге дейінгі салмақта алтын медальға ие болып, ең жоғары шеберлік деңгейін көрсеткен еді. Ол Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан елдерінің мықты спортшыларын ұтып, финалда Украина өкілін ойсырата жеңген болатын.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы 21 спорт түрінен тұрады. Олар асық ату, ордо, арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, ашыртпалы аба күресі, көреш (татар белбеу күресі), көкбөрі, алыш, мас-рестлинг, powerful nomad (күштілер сайысы), тоғыз құмалақ, мангала, овари, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік және күрес (өзбек күресі).
Жарысқа 89 елден екі мыңнан астам қатысушы қатысып, 100-ге жуық медаль сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысының елшілері сайланғандар: ауыр салмақ дәрежесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров, қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Qazaqstan Barysy және Dala Qyrandary турнирлерінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов және мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт.
#Абайская область, #Спорт, #Всемирные игры кочевников