Жерлестерімізге сенім артамыз

Жерлестерімізге сенім артамыз

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындары басталады. Қазақстан атынан 137 спортшы бақ сынайды. Олардың арасында Абай облысының 3 спортшысы бар,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солардың бірі – Үржар ауданының тумасы Ернар Нурсбеков. Шаңғы жарысынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының негізгі құрама сапында. Жерлесіміз Қазақстан Республикасының Чемпионаттарында 2018 жылдан, 2022 жылдан бастан Халықаралық деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетуде. ҚР Чемпионаты мен Әлем Кубогінің жүлдегері және жеңімпазы.
Алғашқы жаттықтырушысы Дидар Алтынбеков, қазіргі жаттықтырушысы Ердос Ахмадиев.Ернар ІХ Қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан 8 ақпан күні сағат 11:00-де спринт, 12 ақпан күні сағат 13:00-де 4х7,5 шақырым эстафеталық сынға түседі.


#Абайская область, #Спорт