“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Абай облысы филиалының командасы үздіктер қатарынан көрінді
Абай облысы Семей қаласында халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдар мен мекемелер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Абай облысы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Доп додасына қатысқан “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Абай облысы филиалының командасыжасыл алаңда жақсы ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық орталық командасы үздік үштіктен көрінді.
#Абайская область, #Спорт, #«Национальный центр качества дорожных активов»