“Алтын мүйіздегі” “Модерн Стамбұл”

“Алтын мүйіздегі” “Модерн Стамбұл”

Халич, Алтын Мүйізді қоршап тұрған аймақ, құдіретті Босфор бұғазының шығанағы және Тарихи түбектің бір бөлігі Стамбулдың ең әдемі бағыттарының бірі саналады. Бұл туралы   abaidan.kz тілшісі Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап хабаралайды. Босфор бұғазының кіреберісіндегі Алтын мүйіз Күн батқан кезде алтын түске боялатындықтан, “Алтын мүйіз” делінген. Бұғаз кезінде Османлы мен Шығыс Рим империяларының сауда*саттық байланыстар қайнаған портқа айналған. Бүгінде бұл аймақта Стамбұлдың мың жылдан астам тарихының ізі бар мешіттер, шіркеулер, синагогалар және тарихи мектептер – көпмәдениетті жүйенің дәлелі әрі туристердің ең сүйікті мекені саналады.

Трансформацияланған тарихи индустриялық аудандар мен осы кеңістіктерде өткізілетін халықаралық іс-шаралар аймақтың тарихи маңызын заманауи және көркемдік рухпен сусындатады. Алтын мүйіздің жағасындағы 600 жылдық кеме жөндеу зауыттарының ғимараттарының өзгеруімен бұл аймақ қаланың жаңа мәдени орталығына айналды. Дәл осы ауданда Стамбұлдың әлемге танымал «Модерн Стамбұл» шарасы өтеді. Жергілікті және халықаралық галереялар, өнер институттары, бірегей бастамалар мен өзіндік қолтаңбаға ие суретшілерді біріктіретін шара 28 қыркүйек пен 1 ​​қазан аралығында ұйымдастырылады.


#Туризм, #Турция, #фондтюркоязычныхжурналистов