Бұрсадағы панорама мұражайына туристер көптеп шоғырланады

Бұрсадағы панорама мұражайына туристер көптеп шоғырланады

Бұрса Осман Империясының алғашқы астанасы,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі «Хабар» телеарнасының тілшісі Нұрлан Әбдікәрімге сілтеме жасап.
Ал оны жаулап алу оңайға соқпаған. Тарихты естігеннен бөлек көзбен көру әлдеқайда түсінікті екені рас. Панорама 1326 мұражайы сол үшін ашылған. Онда Осман Империясының Бурсаны жаулап алу және империяның құрылуын панорамалық көрнекіліктер мен топографиялық карталар арқылы бейнеленген.
Айта кетейік, панорамалы суретті әртүрлі елдің өте тәжірибелі суретшілері қолмен салып шықққан. Суреттің диаметрі – 42 метр, ал биіктігі – 15 метрді құрайды. Бұдан бөлек мұражайда кафелер, конференция залдары, кітапхана, әкімшілік кеңселері және көрме залы орналасқан.
Жасыл ғимарат ретінде жобаланған мұражайды 2016 жылы марқұм болған көрнекті тарихшы, профессор Халил Инальчик басқарды.


#Туризм, #Турция, #фондтюркоязычныхжурналистов