Құпияға толы Ханзада аралдары
Стамбұлдың жұрт көзінен жасырылған асыл тастарының бірі — Ханзада аралдары қазан айындағы ең керемет іс-шараларды ұсынады. Тіршілік тоқтаусыз қайнап жатқан мегаполистегі күз мезгілі өзінің қоңыр реңкін көрсете бастағанда жылы әрі күн шуағына бөленген ауа-райы бұл айдың ажарын одан сайын ашып, азия аймағындағы тыныш архипелагты зерттеуге тамаша мүмкіндік сыйлайды. Жаныңызға тыныштықты іздесеңіз немесе табиғаттың құпия қойнауына кіріп, ерекше зерттеу жүргізуді іздеп жүргендер Стамбұл аралдарынан дәл сол табиғи сұлулық пен мәдени мұраның өзара үйлесіміне куә болады.
Стамбұл сырлары
Ханзада аралдары өз атауын ханзада секілді әулет мүшелері осында жер аударылған сонау Шығыс Рим дәуірінен бастау алған. Бүгінгі таңда бұл мекен әдемі ландшафттары мен сәулет ғажайыптары бар тамаша демалыс орнына айналды. Мысалы, қазіргі қаладағы сүйкімді сарайлар мен таңғажайып шіркеулер, көп мәдениетті қоғамның көрінісін ашып береді. Сонымен қатар, муниципалитеттің қозғалыссыз көшелердегі жалғыз электр көліктері олардың жергілікті тұрғындар мен туристер үшін тартымдылығын арттырады. Архипелагқа тоғыз әдемі арал кіреді. Дегенмен, Бүйүкада, Хейбелиада, Бургазада және Кыналяғы келушілердің саны өте көп. Аралдарға саяхат Босфордың таңғажайып көріністерін тамашалайтын қаланың екі жағындағы жайбарақат пароммен жүру серуенімен басталады. Содан кейін Мәрмәр теңізінің ортасында осы жасырын жұмақтарды зерттеуіңіз сүйкімді көшелерді серуендеу немесе велосипедті жалға алумен жалғасады. Әсем үйлерді, сәулет ғажайыптарын, таңғажайып жасыл желектер мен теңіз көріністерін тамашалау жаныңызға тыныштың ұялатса, жағалау бойындағы мейрамханаларда ракы немесе аймақтық шараптармен бірге маусымдық жаңа балық пен мезе (тіске басар) сияқты жергілікті түрік тағамдарынан дәм тату табиғаттың сұлулығынан ләззат алуға себепші болады.
Архипелагтағы алып арал
Түрік тілінен аударғанда «үлкен арал» деген мағынаны білдіретін Бүйүкада — Ханзада аралдарының ең үлкені. Бүйүкада Стамбулға өте жақын болғанымен, аралдағы атмосфера мүлдем басқа. Паромнан түскенде сізді әйгілі сағат мұнарасы қарсы алады. Велосипед жалдап, бугенвиллдер мен сүйкімді сарайлардың иісімен толтырылған көшелерде жүру де керемет. Мұнда келген туристер Бүйүкаданың ең биік төбесіндегі Ючетепедегі Айя Йорги шіркеуіне міндетті түрде соғуға тиіс. Себебі, онда күннің ең жақсы батуы үшін тік еңіске көтеріледі. Аралдағы басқа көрнекті орындарға Ханзада аралының мұражайы, түрік жазушысы Решат Нури Гүнтекиннің резиденциясы және аралдың өрт сөндіру мұнарасы ретінде қызмет ететін Адакуле бар. Сонымен қатар, соңғы қалпына келтіру жұмыстарынан кейін көптеген тарихи ғимараттар Бүйүкадада әртүрлі қызықты іс-шаралар өткізетін мәдени және өнер алаңына айналды.
Жасыл әлем
Стамбұлдағы екінші ең үлкен және жасыл арал — Хейбелиада өзінің сөмке тәрізді көрінісімен көз сүріндіреді. Арал Стамбұлда бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін әртүрлі қауымдастықтың ең жақсы үлгілерінің біріне айналғалы қашан. Осылайша, Ая Йорги жартас монастырь, Бейт Яков синагогасы және Ая Никола шіркеуі аралдағы міндетті түрде көруге болатын ғимараттар. Ыстамбұл тұрғындары үшін Гейбелиада ұзақ уақыт бойы алып ағаштардың көлеңкесінде отыруға, достарымен тарихи мейханаға (жергілікті тавернаға) жиналуға, ежелгі мәзірмен жасалған сирек кездесетін балық тағамдарынан дәм татуға және керемет үйлерді тамашалауға жол ашады. Жасыл әлем ішіндегі ертегі аралдың балмұздағы да балдай тәтті. Сағыныш пен тыныштық сезімінен бөлек, Хейбелиаданың табиғи сұлулығы өте тартымды. Аралдың табиғатын зерттейтін ең жақсы орын, сөзсіз, Дегирменбурну табиғи саябағы десек, қателеспес едік.
Архипелагтың тыныш оазисі
Ханзада аралдарының Бургазада көлемі жағынан үшінші орын алады әрі архипелагтағы ең тыныш мекен. Арал келушілерді әсерлі сарайларымен, монастырларымен және көркем сұлулығымен қарсы алады. Басқа аралдардан айырмашылығы, Бургазада бір ғана төбе бар. Байрак тепе және осы төбедегі Христос монастырының қирандылары аралдағы алғашқы аялдамаңыз болуы керек. Одан кейін түрік әдебиетінің ең маңызды тұлғаларының бірі Саит Фаик Абасияниктің мұражайға айналған үйіне табан тірейсіз. Аралдағы басқа маңызды ғимараттар — Айя Яни шіркеуі және Айя Йорги Гариби монастырі.
Кыналяда — қызылмен көмкерілген көз тартар арал
Стамбұлға ең жақын Кыналиада аралы демалыс үшін таптырмас тамаша мекен. Арал өз атауын, түрік тіліндегі қынаға сілтеме, қызыл топырақтан алады. Сіз Сурб Григор Лусаворич шіркеуі сияқты көрікті жерлерге бару арқылы аралды оңай зерттей аласыз, өйткені ол ең алыс нүктеден де жарты сағатты алады. Дегенмен, аралдың сүйкімділігі оның кішкентай бөлшектерінде жатыр — қызықты кітап дүкендері, жайлы кафелер және күн батқанда серуендейтін ғажайып жер. Аралдың бірегей дәмді тағамдарын таңдау үшін жергілікті патисерлерге бару мүмкіндігін жіберіп алмаңыз немесе кәдесыйлар сататын шағын қолөнер дүкендерін табу да қиын емес.
www.goturkiye.com
#Туризм, #Фонд тюркоязычных журналистов, #фондтюркоязычныхжурналистов