Түркиядағы фестиваль аясында «Корал» заманауи өнер көрмесі өтті

Түркиядағы фестиваль аясында «Корал» заманауи өнер көрмесі өтті

Жаңалықтардан үнемі еститін шығарсыздар жасандыинтелект, нейро жүйе, IT технологиялардың дамуы деген тақырыптарда үнемі мақалалар жарық көріп жатады.  Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ. Оны ғылымда «жасанды интеллект» дейді. 1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған,-деп хабарлайды  «Хабар» телеарнасының тілшісі Нұрлан Әбдікәрімге сілтеме жасап, abaidan.kz агенттігі . Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған. Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады. Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. ЖИ күнделікті тірлікте қолымыздағы смартфон арқылы түрлі мобильдік аударымдар жасап, жұмыс барысында түрлі сайттармен жұмыс жасаймыз, бос уақытта тик-ток, инстаграмм сияқты әлеуметтік желілерді қолданамыз, сол қоданыстағы желілер жасандық интелекттің көмегімен бізге қызмет етеді.
Дәуір жаңалығы болған жасанды интелект заманауи өнерді жасап жатыр. Түркиядағы фестиваль аясында «Корал» заманауи өнер көрмесі өтті. Үлкен лэд экранда түстер билейтін видео қойылды. Мамандардың айтуынша, бұл видеоға бірнеше минут қарап тұрсаңыз шаршау басылып, ми тынығады. Көрмеге келушілердің қарасы қалың болды. Демек бұл өнерге сұраныс бар.


#Туризм, #Турция