Үржар ауданы тұрақты дамудың оң қарқынын сақтап келеді

Үржар ауданы тұрақты дамудың оң қарқынын сақтап келеді

Үржар ауданының 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте аудан әкімі Ақылбек Башимбаев баяндады. Аудан басшысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің теңгерімді дамуы жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар мен қол жеткізілген нақты нәтижелерге тоқталды. Аудан экономикасының негізі ауыл шаруашылығында 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданда 44,1 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 109,4% болған. Салаға тартылған инвестиция көлемі 9,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2,1 млрд теңгеге 68 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, 1,25 млрд теңгеге 104 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Егістік алқабы 113 мың гектарды құрап, өткен жылдан 2 мың гектарға артты. Майлы дақылдар көлемі ұлғайып, биылғы өнім көлемі 90 мың тонна деңгейінде болжануда. Мал шаруашылығында да өсім байқалады: ауданда 61,7 мың бас ірі қара, 90,1 мың қой-ешкі, 17 мың жылқы бар. Ет өндірісі 4,6 мың тоннаға, сүт өндірісі 23,6 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі 9 млн данаға жетті. Ауданда 4316 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,8%. 2025 жылы жеке инвесторлар есебінен 30-ға жуық жаңа нысан ашылып, 130-дан астам жұмыс орны құрылды.
Аудан экономикасына 9 айда 33,6 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39,5% жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 40 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.

Ірі жобалардың қатарында:

«Алғабас» ШҚ – 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы (1,5 млрд тг);

«East Agro CO» ЖШС – 1360 га жерге жаңбырлату жүйесін орнату (2,3 млрд тг);

«Шың Жан Жуо Анг-Сұңқар» ЖШС – қуаттылығы тәулігіне 230 тонна күнбағыс майын өндіретін зауыт (7,8 млрд тг).

2025 жылдың 9 айында аудан бойынша 15,4 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 5,3% өсті.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 6507 шаршы метр, бұл жоспардан 108,3% жоғары.13 елді мекенде жалпы 57 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Ауыз сумен қамту деңгейі 85,7%, жыл соңына дейін 100%-ға жеткізу көзделген.14 шақырым жол жөнделіп, республикалық маңызы бар Таскескен–Бақты тас жолының 19 шақырымы жаңартылуда.Аудандағы жарықтандырылған көшелердің үлесі 68,2%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. 2025 жылға аудан бюджеті 11,1 млрд теңге көлемінде бекітілген.
9 айда меншікті кірістер 106,6% деңгейінде орындалды, ал бюджет шығыстарының игерілуі 98,3% болды. Ауданда 33 мектеп, 4 балабақша және музыка мектебі жұмыс істейді. Абай және Б.Момышұлы атындағы орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Денсаулық сақтау саласында 7 жаңа ФАП салынды, Үржар ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуда.Инсульт орталығының құрылысына 3 млрд теңге бөлініп, жұмыс қарқынды жүруде.2025 жылы ауданда 1054 жаңа жұмыс орны құрылып, аз қамтылған 178 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Мәдениет пен спортқа тоқталсақ, ауданда 2 мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб, 5 кітапхана, 1 мұражай және балалар театры жұмыс істейді.Жоғарғы Егінсу ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы аяқталуға жақын.Ауданда 64 спорт нысаны бар, 9 спорт түрі бойынша 1106 бала спортпен айналысады.

Аудан әкімі Ақылбек Башимбаевтың айтуынша, Үржар ауданы Президент тапсырмаларын орындау бағытында нақты нәтижелер көрсетіп отыр.

«Басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады», – деді аудан басшысы.


#Абайская область, #Урджарский район