Үржар ауданында амбулаторлы диализ орталығы ашылды

Үржар ауданында амбулаторлы диализ орталығы ашылды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес, Үржар ауданының көпсалалы аудандық орталық аурухана ғимаратында амбулаторлы диализ орталығы ашылды,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Медициналық нысанның ашылуына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Башимбаев, тиісті мекеме басшылары қатысып, орталық жұмысымен танысты. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетін науқастарды емдейтін емханада бүйрек ауыстыру терапиясын жүргізуге арналған екі диализ аппараты орнатылды. 

Ендігі уақытта аппарат көмегімен күніне 20-ға жуық адам ем-дом шараларын қабылдай алмақ.


#Здоровье, #Урджарский район