Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Закон и порядок 1 338 просмотровabaidan.kz

В Абайском районе подозреваемые похитили детали спецтехники на 46,5 млн тенге

В Абайском районе подозреваемые похитили детали спецтехники на 46,5 млн тенге

Абай облысында 46,5 миллион теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды abaidan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың 24 қыркүйегі мен 19 қазаны аралығында белгісіз адамдар айлакерлікпен зауыттың қабырғасын бұзып, кәсіпорын филиалының қоймасына заңсыз кірген.

"Олардың олжасы – арнайы техникаларға арналған қосалқы бөлшектер, жалпы құны 46 568 488,41 теңге болады. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында күдіктілер анықталды. Олар алдын ала келісіп әрекет еткен үш ер адам болып шықты. Жоспарлары қаншалықты батыл болса да, сәттілік ұзаққа созылмады, барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Фото: polisia.kz/