Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Закон и порядок 735 просмотровabaidan.kz

Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли облыстық полиция департаментінің Семей қаласындағы бірқатар нысандарын аралады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров құқық қорғау органдары ғимараттарының материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, қызмет көрсету жағдайымен таныстырды. 

Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Облыс әкімі полиция департаментінің негізгі ғимаратында, Семей қалалық полиция басқармасында, полиция департаментінің емханасында, автокөлік шаруашылығы нысанында болды. 

Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Полиция департаментінің негізгі ғимараты 1988 жылы салынған. Бес қабатты ғимаратта қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Семей қаласы полиция басқармасының ғимараты 1971 жылы салынған. Мемлекеттік сараптама қортындысына сәйкес ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. 

Аким Абайского района посетил объекты ОВД
Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Полиция департаментінің емханасы бар төрт қабатты госпиталь ғимараты 1980 жылы салынған. Жалпы аумағы 2 212,2 шаршы метрді құрайды. Мұнда 150 кабинет орналасқан. 11 мыңға жуық полиция, төтенше жағдай, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне және сала ардагерлеріне медициналық қызмет көрсетіледі. Ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 

Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Департаменттің автокөлік шаруашылығының нысаны полиция қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Биыл өңірдің құқық қорғау саласы қызметкерлері үшін 137 жаңа көлік сатып алу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы полиция департаментінің нысандарын аралау барысында материалдық-техникалық жағдайына баса назар аударып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заман талабына сай ғимараттарда жұмыс істеуінің маңызын атап өтті. Бұл ретте әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді. 

Аким Абайского района посетил объекты ОВД

Айта кетейік, бүгінде Абай облысының полиция департаментінде 2 жарым мыңға жуық адам жұмыс істейді.