Өткен жылы Абай облысының полицейлері 3 300-ден астам мал иелерін жауапкершілікке тартты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда иесіз жайылып жүрген мал әлеуметтік қоғамның өзекті және басты проблемаларының бірі . Жолдардағы қараусыз жүрген мал қайғылы салдармен, ұрлықпен жол-көлік оқиғаларына апарып соқтырады. Ауыл шаруашылығында мал иелері еркін жайылымға тыйым салу талаптарын елемей, жол көлік оқиғасының себепшісі болуы мүмкін. Учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ патрульдік полиция инспекторлары тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылы Абай облысы Полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 3 390 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер мал иелеріне қолданыстағы заңнама, көзделген жауапкершілік туралы ақпаратты жеткізеді. Ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша мал жаю ережелерін бұзудың 170 фактісі анықталды, иесіз жайылатын малға арналған қораларға 943 бас ірі қара малы қамалды.
В прошлом году к ответственности были привлечены более 3300 владельцев скота.

Похожие новости

В ЮКО задержаны подозреваемые, которые два года добывали золото в долине реки

Как магазины рядом с домом выполняют требование торговой надбавки?

В Абайском районе в два раза увеличилось количество ДТП


