Абай облысында мал ұрлаған күдікті ұсталды

Абай облысында мал ұрлаған күдікті ұсталды

Абай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын жайылымнан сиырының жоғалғаны туралы шағымданған. Оған дейін мал иесі өз бетінше іздеуге тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. Содан тұрғын полицейлерден көмек сұраған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Абай ауданының полицейлері Семей қаласының 24 жастағы тұрғынының мал ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Күдікті құны 300 мың теңге тұратын сиырды ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған малды тез арада заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Абай облысы ПД баспасөз қызметі


#право, #Абайская область