Биыл Абай облысының соттары 6 мыңнан астам азаматтық іс жүргізді

Биыл Абай облысының соттары 6 мыңнан астам азаматтық іс жүргізді

Абай облысының соттары өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығын қорытындылады,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

Облыстық соттың төрағасы Қайрат Чақпантаевтың мәліметінше, өткен жартыжылдықта Абай облысының соттары 6393 азаматтық істі қараған. Сонымен қатар, бүгінге дейін 416 қылмыстық іс жүргізілген.

- Облыс соттары өткен кезеңде 416 қылмыстық істі қарап, 367 адамға қатысты 343 үкім шығарды. Соттар үкімдерді орындау тәртібімен 2162 материалды қарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 31 жеке қаулы шығарылды, - дейді спикер.

Сондай-ақ, соттар азаматтық істер бойынша белсенді жұмыс атқарды. Тек 6 айдың ішінде 6393 азаматтық іс қаралып, оның 3699-ы бойынша шешім шығарылған.

- Облыстық соттар қараған азаматтық істердің 1185-і тараптардың татуласуымен аяқталған. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 2 609 іс қаралды. Анықталған заң бұзушылық фактілер бойынша азаматтық істер жөніндегі соттар барлығы 38 жеке ұйғарым шығарды, - деп толықтырды Қайрат Чақпантаев.

Сонымен бірге, сотттар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерді жоюға да атсалысады. Айта кетсек, өткен жарты жылда 13 жеке ұйғарым шығарылып, оның 7-уі бойынша ақшалай айыппұлдар салынған.


#право, #Абайская область, #суд