Ұландықтар Семейде баланы жазатайым жағдайдан сақтап қалды

Ұландықтар Семейде баланы жазатайым жағдайдан сақтап қалды

Семей қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің сарбаздары жаңа шағын аудандардың бірінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов даңғылын патрульдеу кезінде әскерижасақ көпқабатты үйлердің бірінің үшіншіқабатында ересектердің қарауынсыз ашықтерезенің жанында тұрған кішкентай баланыбайқады.

Әскери жасақ бастығы ефрейтор ДәулетСейдалы қарамағындағы патрульші ефрейтор Бексұлтан Темірбеков және қатардағы жауынгерӘли Сағымбаевпен бірге баланың терезе алдындаойнап, жерге ұялы телефон мен кілттерлақтырғанын көреді.

Бұл жағдайдың қауіптілігін сезген әскериқызметшілер құлап кеткен жағдайда баланы қағыпалуға үлгеру үшін терезе астына мұқият орнығады.

— Әріптестеріммен қажет болған жағдайдабаланы ұстап алу үшін терезе астында күттік. Мен үйде ересектер бар-жоғын білу үшін ішке кірдім. Дереу оқиға орнына полицейлерді шақырдық. Көпұзамай жұмыстан баланың әкесі келді, - дейдіефрейтор Дәулет Сейдалы.

Айта кету керек, бұл әскери бөлімнің әскериқызметшілері бұған дейін де азаматтарға көмеккөрсеткен: олар көшеде ауырып қалған адамғажедел медициналық көмек көрсетіп, оның өмірінсақтауға себепші бола білді.


#Семей, #Абайская область, #Национальная гвардия, #Закон и порядок