Адал еңбек етіп жүрген Адал азаматтың табысы да Адал- Ермек Мезібаев

Адал еңбек етіп жүрген Адал азаматтың табысы да Адал- Ермек Мезібаев

Ұлттық өнімдер өндіретін «ADAL AS»  компаниясының Құрылтайшысы Ермек Мезібаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан кейін  пікірімен бөлісті.

Президент Жолдауында «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді»,- деді. Біздің «ADAL AS»  компаниясының  да  бағыты, ұстанған қағидасы дұрыс екендігінде күмән жоқ. Еліміздің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының орны ерекше. Елімізбен бірге қарыштап дамуымыз үшін адал кәсіп жасап жүрген жандардың еңбегін лайықты бағалап, қолдап отырсақ олардың да өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Біздің компанияда жұмысшылардың лайықты еңбекақымен қамтылып, еңбек демалысын тиімді өткізулеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, табиғат аясында тимбилдингтер ұйымдастырылып, өңірдегі киелі жерлер мен демалыс орындарына барып-келудегі шығындар толығымен серіктестік есебінен төленеді. Соңғы 3 жылда компанияда ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан 17 адам «Сарыағаш» шипажайында компания есебінен тегін демалып қайтты. 2023 жылы 3 адам Египетте және 3 адам Түркияда тынығып келді. Компанияда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де баса мән беріледі. Жұмысшылар тегін түскі аспен қамтылған. Түскен табысқа байланысты мүмкіндігінше сыйақы қарастырылады. Жыл соңында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша қомақты сыйақы беріледі. Жыл сайын 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен мектеп бітірген түлектерге 20 мың теңгеден қолдау көрсетіледі. Биыл республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында, компанияда еңбек ететін адамдардың балаларына оқу құралдары үшін қаражат бөлінді. Осылайша 44 балаға кеңсе тауарларын сатып алуға сертификат берілді. Осының барлығы еңбек адамына деген құрметтің үлгісі деп білемін. Адал еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін бағалап, оларды сыйлау– басты парызымыз.


#Президент РК, #Послание, #Адал Ас