Халықтық штаб мүшелері «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

Халықтық штаб мүшелері «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

Сарапшылар мен қызметкерлер кәсіпорынның қызметіне де әсер етуі мүмкін болашақ өзгерістерді талқылады. АЭС салу жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері «Қызылжар су» серіктестігінде болып, сала жұмысшыларымен кездесті.

Қоғам белсенділері, сарапшылар мен қызметкерлер кәсіпорынның қызметіне де әсер етуі мүмкін болашақ өзгерістерді талқылады.

Штаб өкілдері Евгений Кинцель, Владимир Козлов, Арман Біләлов, Александр Зель және сарапшы Андрей Солодовник жобаның жоспары туралы айтып, жергілікті тұрғындармен ашық диалог жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Біз атом электр станциясын салу маңызды тақырып екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осындай кездесулер қажет-ақ. Себебі, біз әр тұрғынның толғандырған сұрағына нақты жауап бере аламыз. Жалпы біздің міндетіміз – қарапайым тұрғындарға барлық ақпаратты бүкпесіз жеткізу», - деп атап өтті штаб мүшесі Владимир Козлов.

Аталған жобаға серіктестік жұмысшылары да қызушығылық танытуда. Атап айтқанда, бірқатар қызметкер атом электр станциясының құрылысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне және елдің экожүйесіне қалай әсер етуі мүмкін екенін сұрады. Ғылым академиясының құрметті профессоры, М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Физика» кафедрасының профессоры Андрей Солодовник экологиялық мәселе халық арасында жиі алаңдаушылық туғызатынын, алайда одан қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Табиғи отынмен жұмыс істейтін электр станцияларының ішіндегі ең қауіпсізі - газбен жұмыс істейтін станциялар. Бірақ көмірқышқыл газы атмосфераға шығарылады. Турбиналар бумен жұмыс істейтін болады. Ал, оның әсері, климаттың өзгеруі әрине бәрімізді де алаңдатады. Үрейленудің қажеті жоқ. Себебі, бүгінгі уақытқа дейін электр энергиясы ураннан алынып келеді. Ал оның зияны ұшаң-теңіз. Атом электр станциялары, өз кезегінде, жеткілікті деңгейде дамыған. Сондықтан экологиялық көрсеткіштер бойынша олар энергия алудың басқа түрлерінен асып түседі», - деді Андрей Солодовник. 

Қатысушылар инженерлерді дайындайтын мамандарды және энергияны көп қажет ететін жаңа салаларды, ең алдымен қайта өңдеу салаларын дамыту мәселелерін талқылады. Жиын соңында халықтық штаб мүшелері кәсіпорын қызметкерлерін 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.


#Послание, #АЭС, #Референдум