Халықтық штаб мүшелері Семей Медицина Университетінің ұжымымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері Семей Медицина Университетінің ұжымымен кездесті

АЭС ұзақ мерзімді, тұрақты, қауіпсіз электрмен қамтамасыз етеді, бұл әсіресе ауруханалардың, емханалар мен жабдықтардың жүйелі жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Осы тақырыпты Халықтық штаб мүшелері Семей Медицина Университетінің қызметкерлерімен бірге талқылады. Жиынға 200 жуық адам қатысып, біздің өңірдің болашағы үшін қауіпсіз және таза технологиялардың маңыздылығы туралы пікір алмасу алаңына айналды,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

Кездесуге Абай облыстық Халықтық штабтың төрағасы Қуаныш Сүлейменов және штаб мүшелері радиациялық қауіптер және олардың денсаулық пен қоршаған ортаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Штаб төрағасы Қуаныш Сүлейменов: «Атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттарды шығармайтынын атап өтті. Оның айтуынша, атом электр станцияларының радиациялық әсерінің үлесі өте аз және әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғат үшін қауіпсіздігін дәлелдейді» - деп атап айтты.

Сондай-ақ, штаб мүшелері республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізді. Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге қабілетті кадрларды дайындау үшін білім беру бағдарламалары мен зерттеулердің қажет ететіндігі айтылды. Бұл туралы медицина саласының қызметкерлері тарапынан АЭС салынатын болса, ол жерде тек атом саласы мамандары емес, гидротехнологтар, су саласының мамандары да қажет болатындығын айтуда. 

Сондай-ақ, атом энергетикасы қазіргі уақытта "жасыл" энергия көзі ретінде қарастырылатыны және экологиялық таза энергия көзі болып саналатыны да атап өтілді. 


#Послание, #АЭС, #Референдум