Халықтық штаб мүшелері Силикат зауытының ұжымымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері Силикат зауытының ұжымымен кездесті

Қазақстанда қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа атом электр станцияларын салу мүмкіндігі талқыланды. Энергетикалық тәуелсіздік, АЭС-тың жұмыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік және тағы да басқа факторлардың төңірегінде өрбіді.

Нысанды салу мен пайдаланудың бүкіл процесі барлық өркениетті әлемде қолданылатын халықаралық қоғамдастық әзірлеген ережелер мен нормаларға сәйкес өтеді. АЭС пайдаланудың радиациялық тәуекелдері халықтың денсаулығы мен экожүйеге қалай әсер етуі мүмкін және бұл қауіптерді азайту үшін қандай сақтық шаралары қарастырылған деген сауалғаштаб мүшелері «Бір қызығы, қазір әлемде ядролық реакторлар 31 елде, соның ішінде АҚШ пен Францияда жұмыс істейді. Қазіргі таңда, бұл сала белсенді дамып келеді. Бүгінде Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Үндістанда, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде атом электр станциялары салынуда. Бұл атом электр станцияларының өзектілігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді» - деп жауап берді.

Және де “Бұл мәселе бойынша азаматтар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға болатындығынан бейхабар. Сондықтан халық арасында негізсіз үрей мен фобия туындайды. Біз осындай түсініспеушіліктің алдын алып, бірқатар сауалдарға жауап берудеміз”- деп атап көрсетті өз сөзінде штаб мүшесі Асемхан Досқожанов.

Өз кезегінде Силикат зауытының мамандары АЭС керек екенін және қолдайтынын айтты.


#Послание, #АЭС, #Референдум