Ақсуат ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

Ақсуат ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

2023 жылы ауданда 20 маманға 103 млн 500 мың теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие, 60 маманға 20 млн 700 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді,- деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде 14 – білім, 3 – денсаулық сақтау, 1 – спорт, 1 – әлеуметтік қамсыздандыру және 1 – агроөнеркәсіп кешені мамандары.Сондай-ақ, 42 – білім, 11 – денсаулық сақтау, 1 – спорт, 4 – әлеуметтік қамсыздандыру, 1 – мәдениет және 1 – агроөнеркәсіп кешені мамандары көтерме жәрдемақы алды.

Айта кетсек, 2024 жылы 15 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беру жоспарланған.


#Ақсуат ауданы, #Дипломмен ауылға