Абай облысында өнім көлемін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр

Абай облысында өнім көлемін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр

Облыста өңір халқының қажеттілігін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сәйкес 2023 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары 39,0 мың тонна сиыр және 17,5 мың тонна құс еті, 60,1 млн дана жұмыртқа, 168,0 мың тонна картоп, 21,0 мың тонна сәбіз, 3,0 мың тонна пияз, 23,3 мың тонна қырыққабат, 127,3 мың тонна өсімдік майы, 66,1 мың тонна ұн, 8,5 мың тонна нан және 2,9 мың тонна макарон өнімдерін өндірді.

Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында облыста барлығы 39 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның ішінде 22,0 мың басқа арналған    11 өнеркәсіптік типтегі (бір мезгілде 1000-нан астам бұқа бордақыланады).Бүгінгі таңда сүт өнімдерін шығару жылына жалпы жобалық қуаты 18 мың тонна болатын 7 сүт өңдеу кәсіпорнында жүзеге асырылады (жүктемесі 50%).

Айта кетсек, бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жалғасып жатыр және Абай облысы әкімдігінің тікелей бақылауында.


#Абай облысы, #Ауылшаруашылық