Абай облысындағы көктемгі дала жұмыстарына қажетті техникалардың барлығы сақадай-сай

Абай облысындағы көктемгі дала жұмыстарына қажетті техникалардың барлығы сақадай-сай

Ағымдағы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 750 мың га немесе өткен жылғы деңгейдің 100,6% құрайды, оның ішінде, 306,4 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 301 мың га майлы дақылдар, 129 мың га жем-шөп, 7,8 мың га картоп, 5,8 мың га көкөністер мен бақша өнімдері6-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 55,3 мың тонна тұқым материалын немесе талап етілетін көлемнің 100% толтырды. Қазіргі уақытта тұқым сапасынтексеру жұмыстары жүргізілуде. Облыста 4 тұқым шаруашылығы және бір элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істейді. Тұқым шаруашылықтары бойынша 3791 тонна тұқым өткізу қарастырылған. Бүгінгі күні Бесқарағай, Бородулиха және Үржар аудандарында 50,7 мың га егіс алқабында ылғал жабу жұмыстары аяқталды. Көктемгі егіс жұмыстарының белгіленген көлемін орындау үшін 12,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.  Көктемгі егіс жұмыстарының толыққанды жүргізу үшін облыста тракторлардың, топырақ өңдеу және егіс техникаларының қажетті саны бар. 

Олардың жұмысқа дайындығы 100 пайызды құрайды.


#Абай облысы, #Ауылшаруашылық