Курчатов қаласы мен Абай ауданында әкім сайлауы өтеді

Курчатов қаласы мен Абай ауданында әкім сайлауы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында биыл елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетінін атап өткен болатын. Әкімдері сайланғалы отырған 45 өңірдің 2-еуі Абай облысына тиесілі. Бұл туралы  abaidan.kz ақпараттық агенттігі  EGEMEN QAZAQSTAN газетінің тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

 орай өткен аптада Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Абай облыстық мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов және мемлекеттік меке­ме­лердің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Абай облысы мәслихатының шешімімен пилоттық өңірлер –  Кур­ча­тов қаласы мен Абай ауданы әкім­­­­дерінің сайлауы 5 қараша күні өте­­ді деп бекітілді. Сессия барысында айтылғандай, бұл сайлау – Президент тап­сыр­масының орын­далуының ай­қын көрсеткіші, сондай-ақ ел тарихындағы жер­гілікті аудан (қала) әкім­де­рінің сайлау рәсімдерін өткізу­­дегі алғашқы тәжірибе болып са­на­лады.

Бұдан өзге сессияның күн тәр­­ті­бінде Абай облысының аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлауын өткізу бо­йынша қанатқақты өңірлердің тіз­бе­сін белгілеу, Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу, Абай облысы мәс­лихатының 2022 жылы 18 қа­ра­шадағы «Абай облысы бойынша жер комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне (№10/63-VII) өзгерістер енгізу, Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жос­парын бекіту туралы мәселелері қаралды.


#Абай облысы, #сайлау