Беген ауылындағы 2 отбасыға жаңа үйлердің кілті табыс етілді

Беген ауылындағы 2 отбасыға жаңа үйлердің кілті табыс етілді

Бесқарағай ауданы Беген ауылында жаңа ғимараттар пайдалануға берілді. Осыған орай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған екі отбасыға баспана кілті табысталды,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Алмас Тастенбеков, ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен жастар қатысты. Қонақтарға сыйлықтар табыс етілді. Ауданда соңғы жылдары көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға 142 пәтердің кілті табыс етілді.


#Абай облысы, #Бесқарағай, #баспана