АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 133 МЕКТЕП STARLINK ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 133 МЕКТЕП STARLINK ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

Абай облысында барлық мектеп кең жолақты интернетке қосылған. Білім басқармасы интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыста 302 жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік, 4 арнайы интернат, 3 облыстық мектеп бар, олардың барлығы 100% интернет желісіне қосылумен қамтамасыз етілген: 204 мектеп жылдамдығы 20 Мбит/сек және одан жоғары, 31 мектеп 10-нан 20 мбит/сек-ке дейін, 50 мектеп - 8 мбит/сек, 31 мектеп - 4 мбит/сек. 

Starlink технологиясына қосылу үшін облыста төмен жылдамдықтағы 133 мектеп анықталды. Абай ауданы – 5, Аягөз – 10, Бескарағай – 16, Бородулиха – 23, Жарма – 23, Көкпекті – 13, Ақсуат – 9, Семей қаласы – 4, Үржар – 29. Осы мектептерде жергілікті желіні жүргізу жоспарлануда.

Нәтижесінде интернет жылдамдығы 20 МегаБит/секундтан 100-ге дейін артады. 


#Абай облысы, #Білім, #интернет