Абай облысының құрама командасы робототехникадан халықаралық чемпионатта Бас жүлдені жеңіп алды

Абай облысының құрама командасы робототехникадан халықаралық чемпионатта Бас жүлдені жеңіп алды

Сингапур елінде өткен «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық жарыста Абай облысының «Ro-Alemi» құрама командасы чемпион атанды, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Роботтар ойнында жоғары балл шегі 550 болса, «Ro-Alemi» құрама командасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 540 ұпай жинады. «Robot Design» бағытында чемпион атанса, жалпы 4 бағыт қорытындысы бойынша алты елден топ жарды. 

Сондай-ақ «Ro Alemi» командасы инновациялық жобаларын көрсету кезінде шетелдік төрешілерге ұлттық ойындар көрсетті. Атап айтқанда, асық ататын робот дайындап, ұлттық ойынымызды жаңа қырынан ашты. «Қазақ Барысы» және «Жамбы Ату» ойындарының бета нұсқасын көрсетіп, үздік инновациялық жобалар қатарына кірді.Айта кетейік, 14-16 наурыз аралығында өткен халықаралық чемпионатқа Қазақстаннан 3 команда аттанды. Малайзия, Польша, Корея, Индонезия, Қытай, АҚШ елдерінен 20 команда, жалпы 80 команда қатысты. 


#Абай облысы, #Білім, #чемпион