Абай облысының су басқан аудандарындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі

Абай облысының су басқан аудандарындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі

1 сәуірден бастап Абай облысы Бородулиха ауданындағы Переменовка орта мектебінде оқыту онлайн форматқа ауыстырылады. Мектепке қарай бірнеше көшені су басқандықтан, сабақ уақытша қашықтан оқытуға көшіріледі,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Мектепте 1-11 сынып аралығында 176 оқушы білім алады. Әр отбасы интернет желісіне қосылған. Барлық оқушы онлайн оқытуға Bilimland.kz платформасы арқылы қосыла алады. 
Қазіргі таңда Абай облысы бойынша білім беру ұйымдарын су басу қаупі жоқ. 


#Абай облысы, #Білім, #мектеп, #Бородулиха ауданы