Өңірлік «WORLDSKILLS ABAI – 2024» чемпионаты аяқталды

Өңірлік «WORLDSKILLS ABAI – 2024» чемпионаты аяқталды

22 сәуірде басталған өңірлік чемпионатта 57 құзыреттіліктен 217 студент бақ сынасты. Олардың жұмысын 209 сарапшы бағалады. Облыстың 29 колледжінен қатысқан командалар арасынан көшбасшылар анықталды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Чемпионат қорытындысы бойынша үш үздік колледж анықталды:
1 командалық орын: Радиотехника және байланыс колледжі (10 алтын, 11 күміс, 6 қола);
2 командалық орын: Бизнес және сервис колледжі (9 алтын, 4 күміс, 2 қола);
3 командалық орын: Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжі (7 алтын, 5 күміс, 7 қола).


Күзде болатын республикалық кезеңге 30 құзыреттіліктен аттанатын 34 жеңімпаз студент анықталды. Сондай-ақ ақтық кезеңге 30 сарапшы қатысады.
WorldSkills Abai өңірлік чемпионаты – WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына іріктеу кезеңі.


#Абай облысы, #Білім, #чемпион