Әлеуметтік желілерде жарияланған облыстық перинаталдық орталықтағы суық палатаға шағым бойынша Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

Әлеуметтік желілерде жарияланған облыстық перинаталдық орталықтағы суық палатаға шағым бойынша Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

Әлеуметтік желілерде жарияланған облыстық перинаталдық орталықтағы суық палатаға шағым бойынша Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы оқиға бойынша Абай облысының ДСБ «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да пациенттерді қолдау қызметі тексеру іс-шараларын жүргізді. 
Перинаталдық орталықтың №1 корпусы күрделі жөңдеуге жабық, қазіргі уақытта №2 корпус жұмыс істейді. Видеодағы босанған ананың 20.02.24 жылы сағат 14:00-ге жоспарланған перинаталдық орталықтан шығуы отбасылық жағдайларға байланысты кейінге шегерілген. ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ №96/2020 бұйрығына сәйкес (босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклдік түрде толтырылады, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспайды) босанғаннан кейінгі әйелдер орналасқан палата келесі пациенттерді қабылдау үшін өңдеуге дайындалатындықтан, босанған ана басқа палатаға ауыстырылды. 
Сонымен қатар, апта бойы сақталатын Абай облысы бойынша ауа температурасының -40℃ дейін күрт төмендеуіне байланысты палатада температуралық режим +23℃ дейін төмендеді (норма +25℃). 21.02.2024 жылы таңертең палаталарда +24℃ температура тіркелді.
Қажет болған жағдайда қосымша жылы көрпелер ұсынылады. Жылу шығынын азайту үшін палаталардағы пластикалық терезелер жөнделуде.


#Абай облысы, #Денсаулық сақтау, #Перинаталдық орталық