Мәжіліс депутаты Абай облысы бойынша денсаулық сақтау саласына қатысты сауал жолдады

Мәжіліс депутаты Абай облысы бойынша денсаулық сақтау саласына қатысты сауал жолдады

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысы бойынша денсаулық сақтау саласына қатысты Денсаулық сақтау министрі А.Ғиниятқа сауал жолдады.  Оған "Аманат" партиясы Фракцияларының мүшелері С.М. Пономарев, Ж.Д.Сүлейменова,  "Қазақстан Халық партиясы" Фракциясының мүшесі Г. Ш. Танашева, депутат Д.Т. Мұқаев қол қойған.

Депутаттық сауалдың толық нұсқасы төменде:

Абай облысының тұрғындары және медицина саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізгенде денсаулық сақтау саласына және медициналық қызмет көрсетуге қатысты мынадай мәселелер көтеріліп, ұсыныстар берілді. 

Бірінші. Абай облысы бойынша медициналық қызмет көрсетуге байланысты коэффициенттерді өзгерту қажет. 

1. Облыстағы жылыту коэффициенті (1,0005) Шығыс-Қазақстан (1,0065), Солтүстік Қазақстан (1,0079) және Қарағанды (1,0063) облыстарына қарағанда төмен. Бұл облыстың климаттық жағдайына қарай, 6 айдан аса қыс, суық болуына байланысты ауруханаларды, емханаларды толықтай жылумен қамтамасыз етуге, медициналық көмектің сапасына кері әсерін тигізеді.

2. Семей полигонынан зардап шеккен облыстағы қалалар мен аудандардың экологиялық коэффициенттері басқа экологиялық аймақтарға жататын өңірлермен салыстырғанда төмен. Мысалы, Абай облысының қалалары мен аудандарындағы экологиялық коэффициенттер Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Қызылорда облысының Арал ауданындағы, Байқоңыр қаласындағы экологиялық коэффициенттерден төмен. Бұл облыстағы медицина қызметкерлеріне тиісті үстеме ақы алуға мүмкіндік бермейді. 

Екінші. Облыс тұрғындары ауруханаларда электрондық портал арқылы емделуі үшін кезекті, квотаны кемінде 1-2 ай күтеді. Ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді. 

              Семей қаласының тұрғындары емханаларда аптасына 1 рет қабылдайтынын жеткізді. Бұл халықтың уақытылы емделуіне кедергі тудыруда. 

Yшінші. Жедел жәрдем қызметінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың Абай облысы бойынша базалық тарифінің мөлшерін аймақтағы орналасқан елді мекендердің арақашықтығын, аурулардың құрылымын, санын ескере отырып, ұлғайту керек. 

Жедел жәрдем көліктері және санитарлық автокөліктер ескірген, оларды жаңарту және қызметкерлердің арнайы жұмыс киімін алуына тиісті қаражат бөлінуін қамтамасыз ету қажет.

Төртінші. Семей ядролық полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтардың көпшілігінде тұрақты жұмыс орны жоқ. Олар міндетті медициналық сақтандыру жарналарын тұрақты төлей алмағандықтан толық көлемде медициналық көмек ала алмай отыр. 

Бесінші. Облыстағы перинатальдық орталықтың кредиторлық борыш көлемі көбеюде, оның ғимараттары ескірген, тозған және көп жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Сондай-ақ, Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығына ғылыми мәртебе беру және қосымша ғимарат салу, тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету керек. 

«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесін кезең-кезеңмен қаржыландыру қарастырылған. 

Осыған орай, Сізден: 

- Абай облысы бойынша медициналық қызмет көрсетудің жылыту және экологиялық коэффициенттерін ұлғайту;

-жедел жәрдем қызметінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың Абай облысы бойынша базалық тарифінің мөлшерін ұлғайту, көліктерді жаңарту, жедел жәрдем қызметін дамыту; 

- перинатальдық орталыққа күрделі жөндеу жүргізу, онда барлық қажетті жағдайды жасау; 

- ядролық медицина және онкология орталығына ғылыми мәртебе беру, қосымша ғимарат салу, тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету;

- Семей ядролық полигоны сынақтарының салдарынан зардап шеккен азаматтарға, облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, сауалға Денсаулық сақтау министрінің жауабын да жариялап отырмыз. 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісініңдепутаттары

«AMANAT» партиясы 

фракциясының мүшелері 

Н.С.Сабильяновқа

С.М.Пономаревқа

«Қазақстан Халық партиясы» 

фракциясының мүшесі

Ж.Д.Сүлейменоваға

Г.Ш.Танашеваға

Депутат

Д.Т.Мұқаевқа

2023 жылғы 14 қыркүйектегі

№ ДС-315 хатқа

Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі(бұдан әрі – Министрлік) Абай облысының тұрғындарымен кездесуде айтылған денсаулық сақтау және медициналық қызметтер көрсету саласындағы проблемалық мәселелерге қатысты сіздердің сұрауларыңызды қарап, мынаны хабарлайды.

Абай облысы бойынша медициналық қызмет көрсетудің жылыту және экологиялық коэффициенттерінің мөлшерін ұлғайтуға қатысты.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және түзету коэффициенттерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 
2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығының (бұдан әрі– Әдістеме) негізінде жүзеге асырылады.

Әдістемеге сәйкес өңір үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде айқындалған өңір бойынша жылытудың маусымы кезеңдерінің арасындағы айырмаға өңір бойынша ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі шығындардың үлесін жылытудың жылдық көлеміне бөлу жолымен 
және Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен есептеледі.

Экологиялық түзету коэффициенті денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемін экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлеміне қосу және денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлеміне бөлу жолымен есептеледі.

Қазіргі уақытта Министрлік ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер тарифтеріне қолданылатын түзету коэффициенттерінің мөлшерін қайта қарау бойынша жұмыстарға бастамашылық жасады.

Тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс органы кейіннен коэффициенттерді есептеу үшін денсаулық сақтау субъектілерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан деректер жинауды жүргізеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы 
№ ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Жедел жәрдем қызметінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың базалық тарифінің мөлшерін ұлғайтуға қатысты, көлікті жаңарту және жедел жәрдем қызметінің салаларын дамыту.

Тариф белгілеуді және төлем әдіснамасын жетілдіру жөніндегі 
іс-шаралар республика бойынша жалпы жедел медициналық жәрдем қызметін қаржыландырудың 2,8 есе өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді 
(2018 жылғы 36,5 млрд теңгеден 2023 жылы 103,2 млрд теңгеге дейін).

Мәселен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 
2021 жылғы 19 қарашадағы ҚР ДСМ-120 бұйрығымен өңірлік жедел медициналық жәрдем коэффициенттері қайта қаралды, соның есебінен 
2021 жылы Абай облысы бойынша жедел медициналық жәрдем станциясын (бұдан әрі – ЖМЖС)1 201 507 мың теңге сомасында (Шығыс Қазақстан облысының құрамында), оның ішінде:

- қосымша қаражатқа анықталған қажеттілікті жабу үшін 1 008 453 мың теңге;

-COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес және оны жұқтыру қаупі шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені үшін жалақыға қосымша ақы төлеуге 193 055 мың теңгеқосымша қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 
2022 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-26 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020бұйрығына
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап,дәрігерлік персоналдың жалақысын 30% - ға,орта медициналық және басқа да персоналға (автокөлік жүргізушілерін қоса алғанда)20% - ға арттыруды ескере отырып,медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізілді, 
оның ішінде ЖМЖС жан басына шаққандағы нормативінің мөлшері 182,87 теңгеден 211,94 теңгеге қайта қаралды (өсім 16% құрады).

Бұдан әрі тарифтерді өзектілендіру бойынша жұмыс жүргізілді, 
оның қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы норматив мөлшерін 
211,94 теңгеден 259,58 теңгеге қайта қарауды ескере отырып, тарифтер бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді (өсім 22% құрады), бұл 2022 жылдың соңына дейін 302 688 мың теңге сомасында ЖМЖС-ны қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру жөніндегі 2023 жылға арналған жұмыс жоспары шеңберінде жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативін 305,73 теңгеге дейін қайта қарау бөлігінде«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 
және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі №557бұйрығы бектілді.

Бұдан басқа қазіргі уақытта басқа медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту шеңберінде жедел медициналық көмекке арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтерді қайта қарау, сондай-ақ 
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шығындарын қызметтер тарифтеріне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте кешенді жан басына шаққандағы норматив қалыптастыру кезінде негізгі құралдарды жаңартуға арналған шығыстар көзделмеген.

Осыған байланысты бұл мәселені жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді түрде қарастырған жөн деп санаймыз.

Облыстың перинаталдық орталығын күрделі жөндеуге және онда қажетті жағдайлар жасауға қатысты.

Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық»ШЖҚ КМК күрделі жөндеу мәселесі бойынша, төсек қуаты 190 төсек, мынаны хабарлаймыз.

Бүгінгі күні Абай облысының әкімдігі Семей қаласы, Жамақаев көшесі, 100 мекенжайы бойынша «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК 
№1 корпус ғимаратын, бомбадан қорғану, жерасты өткелі мен кір жуатын орынды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірледі 
(бомбадан қорғану ЖСҚ жобасының болуына байланысты).

Жоба ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қарауында. Жобаның болжамды құны– 1,7 млрд теңге.

Өз кезегінде «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігінің 
2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (бұдан әрі–№126 қағидалар) сәйкес республикалық бюджеттен 200 төсектік перинаталдық орталықтарды салу және реконструкциялау қаржыландырылады.

Осыған байланысты күрделі жөндеуді қаржыландыруды денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сипаттағы бөлінген трансферттер шеңберінде қарауды ұсынамыз.

Анықтама:

2022 жылғы 1 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңда денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі үш жылға 81,5 млрд теңге (жыл сайын 27,1 млрд теңгеден), оның ішінде Абай облысы бойынша 3,2 млрд теңге сомасында айқындалған (жыл сайын 1,077 млрд теңгеден).

Қазіргі уақытта «Ядролық медицина және онкология орталығы» жаңа хирургиялық корпусының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамадан өтуі күтілетін дайындық мерзімі– 2023 жылғы қараша.

Өз кезегінде №126 қағидаларғасәйкес «Ядролық медицина және онкология орталығы» хирургиялық корпусының құрылысына арналған шығыстарды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты немесе өзге де көздер есебінен жүзеге асыру қажет.

Ядролық медицина және онкология орталығына ғылыми мәртебе беруге қатысты, қосымша ғимарат салу және тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның мәртебесін беру және қайта қарау тәртібі «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 
2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығымен регламенттеледі (бұдан әрі–Қағидалар).

Қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру тәртібі мыналарды қамтиды:

1) денсаулық сақтау ұйымының уәкілетті органға ақпаратты көрсете отырып, оған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізуі:

- қолда бар ғылыми бөлімшелер мен ғылыми-зерттеу кадрлары туралы;

- соңғы 3 жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігі туралы;

2) уәкілетті органның Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңес)денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысты 60 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

-денсаулық сақтау ұйымының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің әлеуетіне бағалауды жүргізу;

-денсаулық сақтау ұйымының Қағидаларда көрсетілген кадрлық әлеуетке және зерттеу қызметінен түсетін табыстарға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауды, сондай-ақ соңғы 3 жылдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалауды жүргізу;

3) ғылыми кеңестің мынадай шешімдердің бірін қабылдауы:

– денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынысын мақұлдау туралы;

– денсаулық сақтау ұйымының оған беру туралы ұсынуына мақұлдау беруден бас тарту туралы (негіздемемен)

– денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру туралы ұсынуына мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тарту туралы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру мәселесін шешу үшін Ядролық медицина және онкология орталығына осы Қағидаларды басшылыққа алу қажет.

Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар нәтижесінде зардап шеккен облыс тұрғындары мен азаматтар үшін медициналық қызметтердің толық қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты
(бұдан әрі–СЯСП).

Денсаулық сақтау субъектілерінің, оның ішінде Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі нәтижелерін ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісі негізінде тарифтер бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, клиникалық хаттамаларға, сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес есептеледі. 

Сондай-ақ СЯСП қызметінің нәтижесінде иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтар Қазақстан Республикасының басқа азаматтары сияқты «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулердіөткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етіледі. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы 
№ ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Медициналық көрсетілімдер болған кезде МСАК ұйымы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ(бұдан әрі–Қор)денсаулық сақтау субъектілерінің базасында бар кез келген ұйымға консультациялық-диагностикалық көмекке жібере алады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетудің тізбесі мен тәртібі «Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген.

Медициналық көрсетілімдер болған кезде СЯСП қызметінің нәтижесінде иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдар «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына сәйкес медициналық оңалтумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар Радиациялық медицина және экология ғылыми- зерттеу институтын(бұдан әрі–РМЭ ҒЗИ)«Сәулеленген халықты оңалту жөніндегі ұлттық бағдарлама» шеңберінде 1949-1990 жылдар аралығында СЯСП-ға ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты кешенді медициналық зерттеп-қарау жүргізілуде. 

Радиациялық қауіптің екі негізгі тобы анықталды: иондаушы сәулеленуге тікелей ұшыраған адамдар және олардың 
ұрпақтары–сәулеленген ата-аналардан туған балалар мен немерелер.

РМЭ ҒЗИ консультациялық-диагностикалық бөлімінің қуаты–ауысымына 120 адам қабылдайды.

Қазіргі диагностикалық әдістерді қолдана отырып, СЯСП қызметінің нәтижесінде зардап шеккен халықты терең зерттеп-қарау жүргізіледі.

РМЭ ҒЗИ оңалту бөлімшесі (40 төсекке, оның ішінде тәулік бойғы стационардың 30 төсегіне, күндізгі стационардың 10 төсегіне) ерте мүгедектікті, сырқаттанушылықты және өлімді азайта отырып, экспонатталған аудандар халқының еңбекке қабілетті жасын және өмір сүру ұзақтығын ұлғайта отырып, денсаулықты уақтылы қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі.

Бөлімшедегі емдеу шараларына ноотропты, тамырлы, антиагрегантты, гипотензивті терапия, метаболикалық бұзылуларды түзету, вегетативті дисфункцияны қалыпқа келтіру, микроциркуляциялық, вестибулоатаксикалық бұзылуларды жою жатады.

Сондай-ақ СЯСП қызметінің нәтижесінде иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдарға мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде екі госпиталь базасында консультациялық-диагностикалық, стационарлық және оңалту көрсетіледі:

1.         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық Клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК (Алматы қ.) тәулік бойы жұмыс істейтін 135 төсегі бар.

2.         Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальда (Астана қ.) тәулік бойы 104 төсектік стационар бар.

Кредиторлық берешекті төмендету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға қатысты.

Денсаулық сақтау субъектілерінің кредиторлық берешегін төмендету, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданады:

1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтері есебінен 
58,9 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлінді.

2. Жедел медициналық жәрдем бойынша жан басына шаққандағы норматив ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен 267,51 теңгеден 305,73 теңгеге дейін көтерілді.

3. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаражат бөлу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар Қор медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегіне ай сайынғы мониторинг жүргізеді. 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау

министрі А. Ғиният


#Абай облысы, #мәжіліс, #Нұртай Сабильянов, #Денсаулық сақтау