Медицина қызметкерлеріне міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілік жеңілдетіледі

Медицина қызметкерлеріне міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілік жеңілдетіледі

1 мамырдан бастап денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты кейбір түзетулер күшіне енеді, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Атап айтқанда, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік жеңілдетіледі. Егер бұрын қызметтік міндеттерін дұрыс орындамау салдарынан денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлеріне 200 АЕК көлемінде айыппұл салынса, енді айыппұл мөлшері 100 АЕК (2024 жылы 369 200 теңге) болады.

  • Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшері 3 мыңнан 2 мың АЕК-ке (7 млн 384 мың теңге) төмендетілді.
  • Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін бес жылға бас бостандығынан айырудың орнына төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.
  • Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне мемлекеттік награда – 1 мың АЕК біржолғы төлеммен "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы беріледі.
  • Әр номинация бойынша "Мамандығы бойынша үздігі" республикалық байқауының жеңімпаздарына 500 АЕК (1 млн 846 мың теңге) көлемінде біржолғы төлемақы беріледі.

Ауылдық жерлерге кемінде бес жыл мерзімге кадр тапшылығы өткір сезілген мамандықтар бойынша медицина қызметкерлері ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алады.


#Дәрігер, #Денсаулық сақтау