Семейде

Семейде "Бекет-2023" ведомствоаралық оқу-жаттығуы өткізіледі

2023 жылғы 4 қыркүйекте Семей қаласында "Бекет-2023" ведомствоаралық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында әскери қауіп туындаған жағдайда объектілердегі жағдайды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.  

Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған.

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жауапты  мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.


#оқу-жаттығу, #әскери, #Абай облысының әкімі