Абай облысында құтқарушылар екі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді

Абай облысында құтқарушылар екі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында 13 сағ. 38 мин. Аягөз ауданының "101" пультіне жылқының құдыққа құлағаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағы арқанның көмегімен жануарды құдықтан шығарған. Құтқару кезінде жануар зардап шеккен жоқ. Екінші оқиға Үржар ауданында 18 сағат 31 мин. орын алған. 

Амангелді ауылынан 5 шақырым жерде қар үйіндісінде жеңіл көлік тұрып қалғаны және құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама түседі.

Құтқарушылар шақыруға жедел әрекет етіп, оқиға орнына келіп, адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдайды. Өтімділігі жоғары техникамен адамдар Үржар ауылына жеткізіледі. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарынан қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі


#Оқыс оқиға, #ТЖД