Қазақстанда жаңа зейнетақы реформасын жүргізу ұсынылды

Қазақстанда жаңа зейнетақы реформасын жүргізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады. Мәжілісмен елімізде ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақы мөлшеріне дейін арттырып, жаңа зейнетақы реформасын жүргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап, abaidan.kz/ .

Мәжілісмен биыл ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілсе, келесі жылы 85 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отырғанын еске салды. Оның айтуынша, ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мың теңгеден сәл артық. 

"Ең төменгі жалақы өмір сүру құнын ескере отырып белгіленеді, сондықтан ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіру үкіметтің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне айналуы тиіс деп есептеймін", - деді Жұбанов.

Депутаттың айтуынша, кейбір елдерде зейнетақы белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен болса, әлеуметтік аударымдарды төлеу тәжірибесі бар.                                 "Сондықтан, мен жаңа зейнетақы реформасын жүргізіп, ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіруді ұсынамын", - деп қосты ол.


#заң, #Парламент, #зейнетақы