АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ ӨТТІ

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Абай облыстық «AMANAT» партиясы депутаттық Фракциясының атқарған жұмыстары, сайлауалды бағдарламаның орындалуы жайында сөз етілді. Абай облысында «AMANAT» партиясының 10 филиалы (1 өңірлік, 9 аумақтық), 137 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді, олардың құрамында 23708 партия мүшесі бар.

Бүгінгі таңда өңірлік Жол картасына партияның алдын ала міндеттемелерін іске асыруға бағытталған 157 іс-шара енгізілген. Шағангүл Алдамжарқызы Фракцияның әрбір мүшесі Жол картаның орындалуын жіті бақылауына алғанын атап өтті.

«Партия мүшелерінің басты мақсаты – «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарламаға түйткілді мәселелерді шешетін, халықтың жағдайын жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспары кірді. Абай облысы бойынша Сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сәйкес 6 айда 157 іс-шараның ішінде – 4 (3%) орындалды, орындалу сатысында - 92 (58,5%), орындалу мерзімі әлі келмеген – 61 (39%) көрсетті. Атап айтқанда, Семей қаласының Қайнар ауылында 200 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Семей қаласында 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығы енгізілді, Семей қаласында фотовидеофиксация және бейнеаналитика жүйесі құрылып, 1551 бейнекамера орнатылды. Көкпекті ауданындағы «Көкжайық ауылындағы су желілерінің құрылысы» нысаны енгізілді», - деді облыстық мәслихат депутаты.

 

Бүгінде іске асып жатқан бірқатар партиялық жобалар бар. «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Еңбек адамы», «Халыққа көмек» және т. б. партиялық жобалары іске асырылуда. Мысалы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары бойынша ЖОО түлектері жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігіне партиялық мониторинг жүргізіледі.

«Қазіргі уақытта партия депутаттары партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен бірлесе отырып, «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясына белсене түрде қатысудамыз. Игі дәстүрге айналған акция «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында осымен 13-ші мәрте өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Акция аясында ұрпақ болашағына бей-жай қарай алмайтын азаматтар оқушыларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынуда», - деді Шағангүл Алдамжарқызы.

Брифинг соңында облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.


#Абай облысы