Абай облыстық филиалының қызметкерлері волейболдан өткен турнирдан жүлдемен оралды

Абай облыстық филиалының қызметкерлері волейболдан өткен турнирдан жүлдемен оралды

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы 27-28 қазан күндері волейбол турнирін ұйымдастырды. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі хабарлайды. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогі Республика және Тәуелсіздік күндеріне орай қолға алынған. Спорттық сайысқа «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының қызметкерлері де қатысты. Бәсекеде командамыз үздік өнер көрсетіп 2 ші орынды жеңіп алды. 

Сондай-ақ командамыздың мүшесі,  Мейіржан Бауыржанұлы «Үздік шабуылшы» аталымының иегері атанды.

 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!


#Абай облысы, #Спорт, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"