Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті

Семейде алғаш рет қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті

Семейде алғаш рет қала әкімдігінің қолдауымен қысқы дрейфтен ашық чемпионат өтті,деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Қысқы мұз айдынындағы қаланың алғашқы ашық чемпионаты көптеген жүргізушілердің қызығушылығын тудырды,  Қалалық әкімдіктің қолдауымен Семейде мұздағы қысқы дрейфтен «Ice Drift Battle 2024» ашық чемпионаты өтті. Оған қаламызбен қатар, Қарағанды, Өскемен, Павлодар қалаларынан келген автоспортшылар қатысты. Ашық чемпионатты тамашалауға ауа райына қарамастан 3 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Қалалық спорт бөлімі мотоспорт жанкүйерлеріне тегін автобустармен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Палау, барбекю және ыстық сусындар ұсынылатын тамақтану орны ұйымдастырылды. Сондай-ақ, іс-шараның демеушілерінен тегін гамбургерлер таратылды.

Жарыс қорытындысы бойынша өскемендіктер үш жүлделі орынға ие болып, жеңімпаз атанды.


#Семей, #Спорт