Абай ауданының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Абай ауданының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымына Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы тағайындалды. Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда дүниеге келген.

Еңбек жолын қарапайым мұғалімнен бастап, мектеп директоры, білім бөлімінің бастығы лауазымына дейін көтерілді. Ауылдық округ әкімі, аудан әкімі аппаратының басшысы, әкім орынбасары қызметтерін атқарды. 2021 жылдан Абай ауданының әкімі болды.

Бұл қызметке дейін Абай облысы әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті.


#Абай облысы, #тағайындау, #АМАНАТ партиясы