Әсет Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Әсет Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды abaidan.kzБұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсет Тұрысов 1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары –  "Қазақтелеком" АҚ-да электрлік байланыс инженері.

2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі "Электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.


#тағайындау