Тоқаев жаңа қолбасшылар тағайындады

Тоқаев жаңа қолбасшылар тағайындады

Мемлекет басшысының өкімдерімен "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді:

"Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды".

Куанышбек Уштаев

Ал Жеңіс Маралов Мемлекет басшысының өкімімен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Кучекбаев Мереке Матимович

Президенттің  өкімімен Мереке  Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.


#ҚР Президенті, #тағайындау, #"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы