Абай облысында

Абай облысында "Cyberpol" соққы-нысаналы тобының жұмысы ұйымдастырылды

Абай облысында киберқылмысты, оның ішінде интернет-алаяқтықты ашу бойынша "Cyberpol" соққы-нысаналы тобының жұмысы ұйымдастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер кіреді.

Қазіргі уақытта "Cyberpol" тобы интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша жұмыстарды жаңа форматта жүргізуде, жаңа бөлімше заманауи зертханамен жабдықталған және бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Зардап шеккендердің өтініштері бірден іс жүргізетін тергеушілерге түседі. Топ жұмысы басталғаннан бастап Семей қаласының 4 тұрғыны бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны үшін қолға түсті.

Бұрын мәлімделген интернет-алаяқтықтарды ашу үшін Абай облысынан тыс жерлерге шығу жүргізілуде.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында шотына Орал қаласының тұрғынына тиесілі 740 000 теңге сомасында ақша аударылған

"ДРОППЕР" ұсталды. Өзге  өңір тұрғынына аталған ақшалай қаражат қайтарылып, Абай облысының полицейлеріне қылмыскерлердің аса күрделі мохинацияларын ашуда көрсеткен жеделдіктері үшін алғысын білдірді.


#Семей, #заң, #Абай облысы, #интернет