Жас мамандарға жағдай жасалуда

Жас мамандарға жағдай жасалуда

Жарма ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру ісі кешенді қолға алынған,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік қолдау шараларымен жастарды толықтай қамту мақсатында атқарушы органдардың тарапынан айрықша назар аударуды талап ететін бағыттар анықталып, іс-шаралар және жобалар қабылданды. Өңірге жас мамандарды тарту үшін ең алдымен әлеуметтік пакеттің болғаны маңызды. Осы орайда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күнге 12 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беріліп, 20 маманға аудандық бюджет есебінен көтерме жәрдемақы төленді. 


#Абай облысы, #Жарма ауданы