Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Общество 594 қаралымabaidan.kz

Семейде курсанттар оқушылармен кездесті

Семейде курсанттар оқушылармен кездесті

Семей қаласында Әскери институт курсанттары №1 мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде курсанттар оқушылармен кездесті

Іс-шара барысында болашақ офицерлер оқушыларға Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, Оқу шарттары мен әскери қызметтің артықшылықтары туралы айтып берді. Офицер мамандығын таңдау үшін қажетті тәртіп, дене шынықтыру және моральдық-психологиялық қасиеттерге ерекше назар аударылды.

Семейде курсанттар оқушылармен кездесті
Семейде курсанттар оқушылармен кездесті

Курсанттар жеке оқу тәжірибесімен бөлісті, презентация материалдарын көрсетті және жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Ашық диалог форматында оқушылар мансаптық өсу перспективалары, әлеуметтік кепілдіктер және әскери кәсіптің маңыздылығы туралыақпараттар алды.