Бүгін елімізде өтіп жатқан маңызды қоғамдық науқан аясында Семей медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректор Алтай Дүсіпов азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Ел өміріндегі маңызды науқандарға қатысу – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, мемлекетіміздің болашағына деген жауапкершілігін танытудың бір жолы. Әрбір дауыс – ел дамуының бағытына қосылған үлес.
«Бүгін елімізде өтіп жатқан маңызды науқанға қатысып, өз азаматтық таңдауымды жасадым. Ел болашағы үшін әрбір дауыстың маңызы зор. Біздің дауысымыз – елдің ертеңіне деген жауапкершілігіміз. Азаматтық белсенділік – қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекетіміздің жарқын болашағының маңызды негіздерінің бірі», – деді Алтай Дүсіпов.
Семей медицина университетінің ректоры өз таңдауын жасаудың ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші – қоғамның белсенділігі мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі.
«Қазақстанның болашағы – өз қолымызда. Бүгінгі таңдаған бағытымыз, ұрпақ тәрбиесіне, білім мен ғылымға, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесіміз – елдің ертеңін қалыптастырады. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, еліміздің дамуына өз үлесін қосуы қажет», – деді университет басшысы.
Азаматтық белсенділік пен ел тағдырына жауапкершілікпен қарау – қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын нығайтатын маңызды құндылықтар. Әсіресе білім мен ғылым, медицина саласында еңбек етіп жүрген мамандар үшін ел болашағына үлес қосу кәсіби міндетпен қатар, азаматтық парызбен де сабақтас. Бүгінгі таңдау – ертеңгі күнге деген сенімнің көрінісі. Ал Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыру – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.





