Қоғам 96 қаралымabaidan.kz

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас алаңының басты мақсаты – елдегі саяси үдерістер мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылау, маңызды бастамаларға сараптамалық баға беру және өңірдің дамуына қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу. Клубтың ашылуында сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы жаңа алаңның маңыздылығына тоқталып, оның облыс әкімі Берік Уәлиұлының бастамасымен 2008 жылы құрылып, жұмыс істеген республикалық «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының дәстүрін жалғастыруды көздейтінін атап өтті.

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

«Біздің мақсатымыз – дайын тұжырымдарды қайталау емес, өзекті мәселелерді жан-жақты талдап, дәлелді пікір алмасу және сараптамалық ұсыныстар қалыптастыру. Мемлекеттің дамуына қабылданған шешімдермен қатар, сол шешімдердің мәнін саралап, балама көзқарас пен нақты ұсыныс айта алатын интеллектуалдық орта да үлес қосуы тиіс», – деді ол.

Алғашқы отырыс Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылауға арналды. Атап айтқанда, цифрландыру, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлік даму мәселелері кеңінен сөз болды.

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Талқылау барысында облыстың даму қарқынымен қатар, әлі де шешімін күтіп тұрған мәселелерге назар аудару қажеттігі айтылды. Сарапшылардың пікірінше, орталық деңгейде қабылданған шешімдердің шалғай ауыл тұрғындарының өміріне нақты әсер етуі өңірлік дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болуы тиіс.

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Кездесуде клуб жұмысының алдағы форматы да талқыланды. Қатысушылар әр отырысты нақты бір тақырыпқа арнап, бірнеше сарапшының пікірін тыңдағаннан кейін ашық пікірталас ұйымдастыру жөнінде ортақ ұстаным білдірді. Сондай-ақ кездесулер барысында айтылған ұсыныстарды жүйелеп, оларды өңірдің дамуына бағытталған нақты бастамаларға айналдырудың маңыздылығы атап өтілді. 

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Алдағы уақытта «АйтClub» айына кемінде бір рет бас қосып, қоғам мен мемлекет, сондай-ақ Абай облысының дамуына қатысты өзекті мәселелерді тұрақты түрде талқылайтын зияткерлік-сараптамалық алаң ретінде жұмысын жалғастырады. 

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады