Ақсуат ауданындағы Ойшілік ауылындағы №175 сайлау учаскесінде өмірлік және еңбек тәжірибесі мол азамат Құрылтай Әлімжанов дауыс берді.
Құрылтай Әлімжанов 1958 жылы Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1962 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. 1983 жылдан бастап еңбек жолын «Комсомол» кеңшарында бастап, ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосты.
Бүгінде 68 жастағы Құрылтай Әлімжанов сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің көрінісі деп санайды. Ол туған өлкесінің қоғамдық өміріне де белсенді араласып келеді.
Азаматтың есімі – Құрылтай. Ал бүгінгі таңда ел өміріндегі маңызды саяси оқиға – жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.





