Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 70 қаралымabaidan.kz

«Елімай» командасы алаңнан тыс жерде де азаматтық таңдауын жасады

«Елімай» командасы алаңнан тыс жерде де азаматтық таңдауын жасады

Футбол алаңында жеңіс үшін күресіп жүрген «Елімай» жастар командасы бүгін ел болашағына қатысты маңызды таңдауға да өз үлесін қосты. Команда мүшелері жаттықтырушылар құрамымен бірге №66 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Жас спортшылар үшін сайлауға қатысу – азаматтық белсенділігін танытудың бір жолы. Әрбір ойыншы өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Команда капитаны Мейіржан Жұмадиловтың айтуынша, барлық спортшылардың көңіл-күйі көтеріңкі, команданың ауызбіршілігі де жоғары.