Ақсуат ауданында жаңа балабақша ашылды

Ақсуат ауданында жаңа балабақша ашылды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат ауданында «Асыл шәкірт» балабақшасы пайдалануға берілді, - деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Балабақша 65 орынға арналған. Қазіргі таңда 15 қызметкер, оның ішінде мұғалімдер мен қызмет көрсетушілер жұмыс істейді.

Балабақша ғимараты үш қабаттан тұрады және жалпы ауданы 1400 шаршы метрді құрайды. Мұнда балалар кафесі, спорт залы мен клуб орталығы бар, бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Бүгінде Ақсуат ауданында 5 мемлекеттік балабақша, 4 жекеменшік балабақша және 13 шағын орталық бар. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қосымша бірнеше балабақша ашу жоспарланған.


#Абай облысы, #Ақсуат ауданы